×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Зеленский Қазақстан туралы айтты. Дубайдағы Назарбаевтар. Самат Әбіш - Ұлысапта

24.09.2023, 22:47

Ұлыс аптаның кезекті шығарылымы ескі де жаңа Қазақстаның ең маңызды жаңалықтарын ұсынуды жалғастырады. 

Жобада бұл жол қамтылған тақырыптар – көптің көкейіндегі мәселелер, өткен аптада жұрт талқысында болған оқиғалар және шынайы деректер.

Айталық, Қаңтар қырғыны, оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс қозғалуы. Бұл жаңалықтың астарында не бар? Бірінші президенттің әулетінің мүшесі қылмыстық іске ілінуі нені меңзейді?

Ешкімнің тісі батпай келген Самат Әбішке қарсы мәлімдеме жасаған Руслан Ысқақов деген кім? 

Ал “Дикий Арман” мен Қайрат Құдайбергеннің соты бұдан әрі жабық күйде қалмақ. Неге?

РОП ісі. Апелляциялық сот үкімі өзгеріссіз қалды. Дегенмен РОП-тың бенефициары Әлия Назарбаева Дубайда жүр. 

Парламентте Назарбаевтың соңғы лауазымын алып тастады. Тықыр таяна түскен сыңайлы...

Олигарх Ломтадзе несиелік пайыз мөлшерінің төмендеуіне қарсылығын білдірді. Сонда қараша халық несие қамытын сүйреп жүре бермек пе? Ломтадзені тәубесіне түсіретін мемлекет жоқ па?

Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды. Бұл да бір үлкен жаңалық болды...

“Ақ үйге” ат басын тіреген Ақорда делегациясы қандай іс тындырды? Тоқаевтың жүзі балбұл жанып жүргенінен нені аңғарамыз? Біздің біріншіміздің беделі біраз басшыдан биік сияқты. Бұл орайда, президент батыстан нені шешіп қайтты?

Зеленский мәлімдесінде Қазақстанға төніп тұрған қауіп жөнінде не айтты? Онысы құлаққа кіре ме?

”Иноагент» түсінігі Қазақстанға да жетті ме? Мемлекеттік кірістер комитеті шет мемлекеттерден қаражат алатын тұлғалар мен ұйымдардың тізімін жариялады.