Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Парламент пен жергілікті өкілетті органдарда қанша әйел жұмыс істейтіні туралы ақпаратпен бөлісті деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде әйелдердің үлесі 26,5 % (98 адамның 26-сы ), Сенатта 18,75% (48 адамның 9-ы) құрайды»,- делінген хабарламада.
Жергілікті өкілетті органдардағы (маслихаттарда) әйелдер саны 30,5% құрайды.
«2021 жылғы қаңтардағы сайлау қорытындысы бойынша облыстық маслихаттардағы әйелдер саны 15-тен 27%, қалалық маслихаттарда – 23-тен 29%, аудандық маслихаттарда 23-тен 32% жетті. 2016 жылғы сайлау қорытындысында ең жоғарғы көрсеткіш тек 22,4% болған еді»,- делінген хабарламада.
Еске салсақ, 2020 жылы әйелдер мен жастарға 30% квота бөлу партиялық тізімдерге сайлауға қатысу туралы өзгерістер «Сайлау туралы» Конституциялық заңға және «Саяси партиялар туралы» заңға енгізіліп бекітілді.
Материалды көшіріп басар кезде ulysmedia.kz сайтына гиперсілтеме міндетті.