×
474.83
515.38
5.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.83
515.38
5.5

«Жалынып та, жылап та айттық»: Маңғыстауда Бегей ауылы тұрғындары жаңа әкімге үндеу жолдады

26.05.2024, 14:15
Лада.кз

Ауыл тұрғындары әлеуметтік желі арқылы өңірдің жаңа әкімі Нұрдәулет Қилыбаевқа бейнеөтініш жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы lada.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындары үшін өзекті мәселе – жолдың жоқтығы. Тұрғындар бірнеше рет Ақшұқыр әкіміне жүгінген. 2023 жылы ол жолды істеуге уәде берген, бірақ нәтиже болмаған.

– Ақшұқыр ауылының жанайқайы – 13 шақырымдағы Бегей ауылының тұрғындарымыз. Әкімге жалынып та, жылап та айтық. Жыл да айтатын бір әңгімесі – жобалық-сметалық құжаттама дайын емес дегені. 2023 жылы наурызда бір айтылған, содан бері тағы жоқ. Бізге такси де келмейді, автобус та жүрмейді. Су да жоқ, жол да жоқ. Қоқысты ауылымыз болып өзіміз тазалаймыз. Осы жерде бір балалар апатқа да түсті. Қосымша асфальт сұрадық. Енді біз басқа кімге айтамыз? – дейді ауыл тұрғындары.

Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі осы үндеуге жауап қатты.

– Ақшұқыр ауылының "Бегей" тұрғын алабының жер учаскесі 2023 жылға дейін ауданға тиесілі болған. 2023 жылы аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес Ақшұқыр ауылына берілді. Қазір аталған аумаққа және ауылдың қолданыстағы бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр, - деп түсіндірді шенеуніктер.

Бүгінде "Бегей" тұрғын алабында 100-ге жуық тұрғын үй бар. 2022 жылы олар толығымен орталықтандырылған электр және газбен қамтамасыз етіген. Ауыз су тұрғындарға су таситын көліктер арқылы жеткізіледі.

– Кентішілік жолдарды салу және ауыз су желілерін қосу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Ол мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін осы жылдың соңына дейін қаржыландыруға ұсынылатын болады, - деп хабарлады Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Абаттандыру бағдарламасы аясында биыл Ақшұқырда 10 жаңа аялдама салу жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары