×
$
444.76
€
495.37
₽
5.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.76
€
495.37
₽
5.37

"Самұрық-Қазына" басшылар ұсталғаннан кейін инвесторларға үндеу жасады

Бүгін, 17:50
"Самұрық-Қазына" басшылар ұсталғаннан кейін инвесторларға үндеу жасады
Самұрық-Қазына

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен оның тобына кіретін компаниялар штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Қор инвесторлар, кредиторлар және серіктестер алдындағы міндеттемелері өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Қордың хабарлауынша, барлық міндеттеме қолданыстағы келісімдерге сәйкес орындалады. Инвестициялық жобалар мен стратегиялық бағдарламалар да бекітілген жоспар бойынша іске асады.

Сондай-ақ қор қаржылық және институционалдық тұрақтылығын сақтап, стратегиялық міндеттерін орындауды жалғастыратынын атап өтті. Қазақстандық және халықаралық инвесторлар үшін сенімді серіктес болып қала беретінін мәлімдеді.

«Самұрық-Қазына» барлық серіктесімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін және міндеттемелерінің өзгермейтінін растады.

Контекст

Еске салайық, 11 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» басшысы Елжас Отынышиевті ұстады. ҰҚК олардың сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікке ілінгенін хабарлады. Олармен бірге тағы бірнеше адам ұсталған.

Ulysmedia.kz дереккөздерінің мәліметінше, Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отынышиев уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бұған дейін олардың ұсталған сәті түсірілген фото мен видео тараған еді.

Сізге қызық болуы мүмкін