×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Әкім Әбдіғалиұлы Ұлытау облысындағы діни радикализм жайлы айтты

20.11.2023, 12:37
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлына өзі басқарып отырған өңірде діни радикализм ахуалы турасында сұрақ қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

– Бір кездері Сирияға кеткендердің біршамасы Жезқазған, Сатпаев қалаларынан барғаны белгілі. Сол азаматтар Сириядан келіп, қоғамға қаншалықты бейімделіп жатыр? Жалпы, өзіңіз басқарып отырған өңірде әлі де радикалды ошақтар бар ма? – деп сұрады Ulysmedia.kz тілшісі әкімнен.

Бұл сұраққа жауап берген Берік Әбдіғали статистикалық мәліметтерді ұсына алатынын айтты. Ал әкімдік тарапы негізінен ағарту жұмыстарын жүргізетінін жеткізді. Теологтарды, дін басқармасынан ағарту жұмыстарын жүргізу шаралары облыста жүргізіліп жатқанын атап өтті.

– Біреулердің ықпалына түсіп қалған отбасылар бар. Келіп жатқан әйелдері, балалары бар. Көптеген іс-шара өткізіліп жатыр. Өткенде Елдос, Жұмаділдә деген ұстаздар келді. Сол секілді мықты ұстаздар келіп, ағарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ахуал тұрақты деп айтуға болады. Кезінде неге басталып кеткенін айта алмаймын. Дегенмен, қазір бұрынғыдай бір... Арнайы органдарының тергеу, бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ бізге берген ақпарат бойынша, құдайға шүкір, тұрақты. Тұрғындарымыз бәрі де қазір ресми дін жолында деуге болады. Өз ұстанымында жүрсе де, қоғамның тәртібін қабылдап, ешқандай заңбұзушылық болып жатқан жоқ, Құдайға шүкір, – дейді Берік Әбдіғали.

Еске сала кетейік, өткен аптада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Астана, Атырау және Жезқазған қалаларында радикалды діни топтардың ұяшықтарын бейтараптандыруы хабарланған болатын. Ресми хабарламаға сүйенсек, терроризмді насихаттау, сондай-ақ экстремистік топты құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу күдігімен оның 12 мүшесі бір мезгілде ұсталған.

Серіктес жаңалықтары