×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Павлодарда кеме жөндеу зауытын мектеп салу үшін тартып алмақ болған

22.11.2023, 09:50
Иллюстрациялық фото

2023 жылы күздің басында Павлодар қаласының бас жоспарына қайшы келетін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Павлодар облысының прокуратурасы қала әкімдігі кеме жөндеу зауыты жұмыс істейтін жер телімінде мектеп салу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Екі кәсіпкерлік субъектісінің жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы шешім қабылданды.

«Мұндай шешім бизнестің дамуын тоқтатады, жер және су заңнамасының талаптарына қайшы келеді, ең бастысы, мектеп оқушыларының өміріне қауіп төндіреді. Ертіс өзенінің жағалауы ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады, мектеп салуға жарамсыз», - деді прокуратура.

Нәтижесінде жаңа мектепті орналастырудың басқа нұсқалары қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы мемлекеттік сатып алу жүйесінде 22 миллиард теңгенің заң бұзушылықтары анықталғаны хабарланған болатын.

Жыл басынан бері 57 миллиард теңге бюджет қаражатына рейдтік тексеру жүргізіліп, 22 миллиард теңгеден астам бұзушылықтар анықталды. Бұл ретте, оның 6,3 млрд теңгесін жұмыстарды жүргізу және материалдар мен жабдықтарды жеткізу есебінен қалпына келтіруге болады.

Электрондық мемлекеттік аудиттің нәтижелері көптеген жағдайларда жеткізушілер мен мердігерлерге іс жүзінде жоқ тауарлар мен қызметтер үшін ақша аударылғанын көрсетіп отыр.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Серіктес жаңалықтары