×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

«Құзырлы органдарға жібереміз»: Дархан Сатыбалды «Шөкеевтің жағажайы» жайлы

29.11.2023, 12:05
Коллаж: ulysmedia.kz.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің директоры Дидар Смағұлов «Шөкеевтің жағажайы» деп атаған су қоймасына байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дидар Смағұлов Түркістан қаласындағы 9 млрд теңгеге салынған жағажайдың суреттерін көрсеткен еді. Заңгер құрылысына қыруар қаржы жұмсалған орынға туристер тұрмақ қала тұрғындарының өздері де келмейтінін айтады. Смағұлов парақшасына жағажайдың қазіргі кейпі көрінген суреттерді жүктеген. Ол жерді «қараусыз қалған су қоймасы» емес, Түркістандағы туризм саласын дамытуға арналған халықаралық деңгейдегі кешені деп көрсеткен.

– Құжаттарда солай жазылған. Оның мақсаты – жергілікті және шетелдік азаматтардың демалуы үшін қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды одан әрі дамытуға инвесторларды тарту, бұл бюджетке салық түсімдерін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Түркістан экономикасының дамуына жалпы оң әсер ету тиіс еді. Өте әдемі сөздер үлкен кэшті (ақшаны) қажет етеді. Ал Түркістан облысында бұл жақсылық (қаржы жайлы айтып отыр) жеткілікті, – деген заңгер.

Дидар Смағұловтың сөзінше, 2020-21 жылы су асты каналын салуға, жасанды көлді тереңдетуге және жағалауды қорғауға, 1 көзден 1 815 699 000 теңге жұмсалған. 2022 жылдың қараша айында абаттандыру үшін: пирстер, көпірлер, модульдік ғимараттардың құрылысы – душ кабиналары, ванна бөлмелері, билет кассалары, жалға беру пункттерін салу үшін тағы 7 030 120 956 теңге берілгенін атап өткен.

Бүгін осы жағажай жөнінде сұрақ Түркістан облысының әкіміне қойылды.

– Бұл мәселені білем. Былтыр басына барып көрдім. Оның құрылысы бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші, екінші кезеңін бастағанда ол жерде соңына дейін қаржыландыру жоқ. Соңына дейін бітпеген нысан. Оның негізгі екі функциясы бар. Біріншісі, көктемде су тасқыны кезінде жоғарыдан Қаратаудың етегінен келген суды ұстап қалу. Ол болмаса су ары қарай Түркістанға кетіп қалады. Су қоймасының көлемі 2,5 млн текше метрді құрайды. Екінші функциясы – сол суды жаздыгүні тазалап, ары қарай жергілікті тұрғындарға шомылатын орын ұйымдастыру. Басына барған кезде шешім қабылдадым: қаржы тапшы болғаннан кейін оны жалғастырудан бас тарттым. Кемшіліктерді көріп, мердігерге біз кемшіліктерді жою бойынша ескерту бердік. Егер олар бермесе, ертеңгі күні сотқа береміз. Ол – мемлекетті сараптамадан өткен жоба. Ол жоба бойынша тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Оны тиісті құзырлы органдарға жібереміз, – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары