×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«ЖЭО-ға ақшаны Клебанов бөледі»: СҚО әкімі биыл қыс жылу жағынан проблемасыз өтетініне сендірді

04.12.2023, 12:49
Коллаж: ulysmedia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихаты барысында өңірдің қысқа дайындығы турасында сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz тілшісі әкімнен былтыр апат болған жылу электр орталығын жөндеуге ақшаны кім бөлетінін сұраған. Сондағы жылу электр орталығының иесі Александр Клебанов былтыр апат үшін халықтан кешірім сұраған еді

«Жылу электр орталығы туралы айтар болсақ, өзіңіз білетіндей, 23 қыркүйекте жұмысқа кірістім. Өзім де өнеркәсіп саласындағы адам болғаннан кейін бір аптадан соң сол ЖЭО басына барып, жиналыс өткіздім. Түтін мұржасы деп жатырмыз ғой. 180 метрлік сол мұржаны көтеру керек еді. Сонда конкурстан мердігер компания өтті. Жұмыстарды істеді. Бірақ мұржа 36 метрге көтерілген кезде «отклонение от осьи» (оьстен ауытқу) болды. Қазір жұмыстар тоқтатылды. Бірақ жұмыс кестесі бар. Осьтен ауытқығаннан кейін соны демонтаж жасап жатыр. Желтоқсанның 8-де олар зертхананың шешімі болуы керек. Ол мұржаны түбіне дейін құлата ма, жоқ әлде 21 метрді қалдырып, ары қарай көтере ме – соны қарайды», - дейді әкім.

Ғауез Нұрмұхамбетовтің сөзінше, қазандық генераторы, жылу беретін қазандықтар  бәріне инвестор тарапынан 12 млрд теңге бөлінген. Қай инвестор деген сұраққа әкім «өзі инвестор ғой» (Клебанов) деп, қаражат Орталық Азия электр энергиялық корпорациясынан бөлінетінін айтты.

«Түтін мұржасына 1,8 млрд теңге бөлінген. Қазандық агрегаттарына, құбыр агрегаттары бар, жылу беретін құбырлар – қалған қаражатты соған бөлді. Солардың қаражаты. Бюджеттен беріп жатқан, бөліп жатқан қаражат жоқ», - деді ол.

Ал Петпопавлда осы қыста былтырғыдай төтенше жағдай болмайды деп айта аласыз ба деген сұраққа әкім сенімді жауап берді.

«Жиналысты менің орынбасарым апта сайын өткізеді. Өзім де 2-3 рет өткіздім. Электр желілерінің де тозған жағдайы бар. Екінші жылу желісінің де мәселесі бар. Бірақ ешқандай апат, ешқандай проблема осы қыста болады деп айтпаймыз. Ондай проблема жоқ. Апат болған бір мұржаның орнында екі мұржа істеп тұр. Біреуіне жазда 60 млн теңге бөлінді. Екінші мұржаға 100 млн теңге бөлініп, игерілді. Қазір сол екі түтін мұржасы істеп тұр. Құлаған мұржа жоспарда 2023-2024 жылдың жылыту маусымында жұмыс істейді деген жоспар болған жоқ. Кесте бар. Келесі жылы да сол кестемен жұмыс істейтін болса, ерекше бақылаудамыз. Келесі жылдың жылыту маусымында сол мұржа беріледі деп ойлаймын», - дейді әкім.

Еске сала кетейік, былтыр қыстың суығын бастан өткерген қаланың бірі – Петропавл болған. Наурызда Петропавлдағы жылу электр орталығының директоры мен бас инженері ұсталып, олардың үстінен «қызметіне салғырт қарау» бабы бойынша іс қозғалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы хабарлады.
Биыл 20 наурызда жылу орталығының түтін шығаратын мұнарасы құлаған еді. Жылу орталығындағы оқиғадан соң жоғалып кеткен 38 жастағы жұмысшы әйелдің мәйіті 22 наурызда табылғаны хабарланды.
Петропавлдағы ЖЭО басқаратын «Орталық Азия электроэнергия корпорациясының» басшысы Александр Клебанов петропавлдықтардан кешірім сұрады. Оның сөзінше, техникалық құжаттарда түтін мұнарасының жағдайы жақсы деп бағаланған. «Апатқа түрлі факторлар себеп болуы мүмкін. Себебін ашық айтамыз» деген ол.

Серіктес жаңалықтары