×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Қазақ тілінде болуы керек»: вице-министр Риддерде салынып жатқан мектеп жайлы

07.12.2023, 10:41
Коллаж: ulysmedia.kz.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Риддерде салынып жатқан мектеп қазақ тілінде болуы керек деп ойлайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бұл мектептің жағдайы бойынша біраз мәселе көтерілді. Бұған дейін де өз пікірімізді айтқан болатынбыз. Бірінші мәселе – мектептің тілін айқындау. Әкімдік жергілікті тұрғындардың талап-тілектері негізінде қай тілде оқытатын мектеп болатынын шешуі керек. Риддер тұрғындары тарапынан осындай сұраныстар болды. Қазіргі жобаланып, салынып жатқан  мектептердің бірін ШҚО әкімдігі тұрғындардың талап-тілектерін ескеріп, қазақ тіліне беру керек деп ойлаймыз. Биыл Риддерде 600 орындық мектептің құрылысы басталды. Ғимарат келесі жылдың соңына дейін қолданысқа берілуі тиіс. Бұл қазақ мектебі болуы керек деп ойлаймыз», - дейді Еділ Оспан сенат кулуарында.

Осыдан бір апта бұрын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жазда «Риддердегі Шаңырақ атты жалғыз қазақтілді мектеп жабылмағанын авйтып, тек бір ғимаратқа қазақша және орысша екі мектеп қатар көшірілгенін» айтқан еді. Әкімнің сөзінше, онда 600 баланың 300-і қазақша, 300-і орысша білім алып жатыр. Келесі жылы Риддер қаласында 1200 орынға 2 мектеп салу жоспарланған. Сол мектептер құрылысы аяқталғанда мектептер екіге бөлінеді.

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында қазақ мектебінің оқушылары 1937 жылы және 1958 жылы салынған ескі екі ғимаратта оқып жатыр. Қаладағы қаусап, құлағалы тұрған жалғыз қазақ мектебі – «Шаңырақтың» жайы айта айта жауыр болған мәселе. Мәжіліс депутаттары каникулға тарап кетпей тұрып, Оқу-ағартау министрлігіне аталған мәселе бойынша сауал жолдаған. Ғани Бейсембаев басқаратын ведомство «ағынан жарылып», соңғы шешімді өңір әкімдігі қабылдайтынын хабарлаған болатын.

Оның алдында депутат Қазыбек Иса Риддердегі жалғыз қазақ мектебінің мәселесін көтерген. Оның айтуынша, қазақ мектебі ретінде ашылуы тиіс ғимараттың құжатын Риддер білім басқармасының басшысы Дәулет Ілиясов әдейі жоғалтып жіберген. Кейін ол мектеп аралас мектеп болып ашылған.

(Фотоколлажға Азаттық басылымының суреті пайдаланылды)

Серіктес жаңалықтары