×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жамбыл облысындағы төтенше жағдай: екі жарым мыңға жуық адам құтқарылды

15.12.2023, 06:41
Жамбыл облысындағы төтенше жағдай: екі жарым мыңға жуық адам құтқарылды
Жамбыл облысы әкімдігі сайтынан

Жамбыл облысы әкімдігі жарияланған төтенше жағдайға байланысты соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жамбыл өңірінде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты облыс әкімдігі 15 желтоқсан сағат 06:00-дегі жағдай бойынша 2413 адам құтқарылғанын, олардың ішінде 90 бала барын хабарлайды. 600-ге жуық адам үйлеріне қайтарылған. 1813 адам алты ауылдағы жылыту пункттеріне, 3 азамат Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілген.

- Олардың жағдайлары тұрақты, дәрігердің бақылауында. Екі күн ішінде жалпы 5000 адам құтқарылды. Құтқару жұмыстары жалғасуда. Облыстық ТЖ департаменті жанынан жедел желі ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта Қордай және Шу аудандарында қосымша 825 орындық 9 жылыту пункті ұйымдастырылған. Құтқару шараларына 171 адам және 76 бірлік техника жұмылдырылған. Жолдағы блок-бекеттерге полиция нарядтары қойылған, – делінген хабарламада.

Электр желілерінің қалыпқа келтіру бойынша «Жамбыл электр желілері» ЖШС-мен 23 авариялық-құтқару тобы мен 27 арнайы техника жұмылдырылған. Газ құбырларының апаты тіркелмеген, штатты режимде беріліп жатыр.

Төтенше жағдайларға байланысты «Шу-Отар» учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап қалған. Шу аудандық көліктік прокуратураның ақпараты бойынша, қазіргі кезде жолаушылар пойыздары жүре бастаған..

- Облыстың қалған елді мекендерінде жағдай тұрақты, – делінген хабарламада.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің шешімімен 2023 жылғы 14 желтоқсанда Қордай және Шу аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Әкімдік тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге, сабырлық сақтауға шақырады. Қауырт желі нөмірлері: 8 7262 513575, 51 41 67.