×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Бас қаланың басты мәселелері: Әкім қандай амалдарды ұсынады

22.12.2023, 14:51
Коллаж: ulysmedia.kz.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін орталық коммуникациялар алаңында баспасөз мәслихатын өткізіп, елордада атқарылып жатқан жұмыстарды, астаналықтардың тыныш-тіршілігі мен жоспарлы жұмыстарын баян етті. Бүгін де халқының саны миллионнан асатын шаһарда мәселелер баршылық, оны шешу жолдары бағытында да атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2027 жылға дейін 80 мектеп салу көзделген

Қала басшысының айтуынша, Астанада 2027 жылға дейін 80 мектеп салу жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде 200 мыңға жуық оқушы орны (екі ауысымды) ашылады, Бұл шаралар қазіргі уақытта мектептерге түсіп жатқан шамадан тыс жүктемені реттеп қана қоймай, алдағы уақытта орын тапшылығы мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді. Қасымбектің сөзінше, қала халқының өсімін ескергенде әлеуметтік нысандарға деген қажеттілік артып келеді. Қазіргі оқу жылында 14 мектептің құрылысын аяқтау көзделген. Олардың бір бөлігі қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр.

Осылайша, 2024 жылы 22 мектеп, ал 2025-2026 жылдары тағы 20 мектеп салу жоспарланған. Бұл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептерді есепке алмағандағы жоспар.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қалада «Жайлы мектеп» жобасын іске асырып жатырмыз. 2024-2025 жылдар аралығында 90 мыңға жуық оқушыға арналған 24 жайлы мектеп салынады. Мысалы, олардың 15-і қарқынды дамып келе жатқан Есіл мен Нұра аудандарында орналасатын болады. 2027 жылға дейін 200 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) есептелген 80 мектеп салуды жоспарлап отырмыз», - дейді Жеңіс Қасымбек.

Астанада 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайын салынады

Қала басшысының сөзінше, олардың ішінде 5-еуінің құрылысы келер жылы басталады. Оқушылар сарайы елорданың барлық ауданында орналасады. Қазіргі уақытта жобалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Жаңадан ашылатын 5 Оқушылар сарайы:

- Сарыарқа ауданы, Ақан сері және С-189 көшелері (Земляничная);

- Алматы ауданы, Төлебаев және Бурабай көшелері;

- Байқоңыр ауданы, Тайбурыл және Игілік көшелері;

- Есіл ауданы, Түркістан және Бұқар Жырау көшелері;

- Нұра ауданы, Айтматов және Мұхамедханов көшелерінде орналасады.

Қазақ сыныбына баратын балалардың саны артып келеді

Елордада жыл сайын қазақ сыныбына баратындардың қатары артып жатыр екен. Брифинг кезінде БАҚ өкілі әкімге "Астаналық ата-аналардың балаларын қазақ сыныбына көптеп беру үшін акция ұйымдастыру керек шығар?" деген сауал қойған.

- Оң динамика бар, - деп жауап берді әкім. 

Елордада биыл 7 мектеп пайдалануға берілді. Әкімнің айтуынша, тағы 5 мектептің құрылысы аяқталуға жақын. 2028 жылға дейін 2 ауысымда 200 мыңға жуық оқушы орнына арналған 80-нен астам мектеп салу жоспарланып отыр.

Миллионға жуық тал егілді

Қала басшысы сонымен қатар, биыл елорданы көріктендіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтеді. Атап айтқанда, Мұңайтпасов, Бейбітшілік, «Амман» және «Абылайхан» көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер өткелдері ашылған. Олар Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақтар кластерін өзара байланыстырады. Орталық жағалаудың тарихи көшелері жаңартылып, «Журналистер аллеясы», Салтанат қақпасының жанындағы гүлзар абаттандырылған. Көгалдандыру жұмысы да назардан тыс қалмай, биыл миллионға жуық жасыл желек егілген.

Жеңіс Қасымбек бұрын көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы жоспарланған 9 орында гүлзарлар мен қоғамдық кеңістіктер ашылатынын айтады. Мысалы, Айтматов-Сығанақ көшесінің қиылысындағы учаскеде 12 қабатты көпфункционалды кешеннің орнына гүлзар салынған. Р.Бағланова көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында жеке құрылыс салушы тұрғын үй кешенін салуды жоспарлаған. Нәтижесінде инвестормен бірлесіп, осы учаскеде қоғамдық кеңістік салынды.

Астанаға Алматыдағыдай кептеліс қаупі бар ма?

Әкімнің айтуынша жүйе жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, кептелісті азайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпір көлік кептелісі жиі болатын орындардағы қиындықты реттеген. Соның арқасында Мәңгілік ел даңғылында көлік кептелісі 20%-ға дейін, Сарайшық көшесі мен Ұлы Дала көпірі сәйкесінше 15%-ға дейін төмендеді. Сондай-ақ, Түркістан, Ақмешіт және т.б. көшелердегі кептеліс азайған. Келер жылы Тәуелсіздік даңғылының Қабанбай батыр даңғылына дейінгі жалғасын салу көзделген.

Айтматов көшесі ашылғаннан кейін Сығанақ көшесі мен Ұлы Дала даңғылы арасындағы Тұран даңғылында көлік ағыны айтарлықтай төмендеген. Нәтижесінде көлік кептелісі 12%-ға азайды. Сонымен қатар, шағын айналма жолдың құрылысы, Кенесары көшесі мен Қорғалжын тас жолының ауданында жаңа көпірдің құрылысы жүргізіліп жатыр, құрылыс жұмысы келер жылы басталады.

Сол сияқты биыл 70-тен астам көше жөнделді, 400 жаңа автобус сатып алынды – олардың 300-ден астамы пайдалануға берілген. Қалғанын 2024 жылдың 1 тоқсанында жеткізу жоспарланып отыр. Жоғарыда аталған барлық шара қозғалысы қарқынды учаскелерге түсетін жүктемені айтарлықтай азайтуға және қаланың жол-көлік инфрақұрылымын жақсартуға жол ашады.

Биыл Астанада бірқатар инфрақұрылым нысаны салынып, пайдалануға берілген. Олардың қатарына «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясы, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезеңі, ЖЭО-3-тің бірінші кезеңі және ауыз су станциясы.

Өткен жылыту маусымында 432 Гкал жылу тапшы болды. Биыл үш жылумен жабдықтау нысанының құрылысы аяқталғандықтан, жағдай керісінше, профицитке шығып тұр. Мысалы, қазан айында ЖЭО-3-тің бірінші кезеңінің құрылысы аяқталды, ол құрылысы ұзаққа созылған нысанға айналған болатын. Аталмыш жылу электр орталығында барлық төрт қазандық жұмыс істейді. Бұл қалаға сағатына 440 Гкал береді. ЖЭО-3 сол жағалаудың бір бөлігін және жаңа салынып жатқан аудандарды жылумен қамтиды. Сондай-ақ, жаңа қуаттар жаңа энергия көздеріне іске қосылды. Бұл газ жылу станциялары (ГЖС) Қазақстанда алғаш рет ашылып отыр. «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциялары мен «Тұран» бірінші кезеңінің қуаты сағатына 700 Гкал құрайды. Бұл ЖЭО-3 қуатынан екі есе артық, - деді  Жеңіс Қасымбек.

«Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясы «Бағыстан», «Мыңжылдық аллеясы» тұрғын үй кешендерін, қаланың сол жағалау бөлігін жылумен қамтамасыз етеді. Ал «Тұран» газ жылу станциясы қаланың сол жағалауында құрылысы жүріп жатқан жаңа аудандарды қамтиды. Келер жылы ең алдымен «Телман» газ жылу станциясын және екінші кезекте «Тұран» газ жылу станциясын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл қаланы тағы 850 Гкал/сағ жылу қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша алдағы 5 жыл ішінде резервтік жылу қуатын қамтамасыз етеді.

Қалада реновация бағдарламасы бекітілді

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, алғашқы 3 апатты үйдің тұрғындары көшірілген. Жұмыс жалғасып жатыр

Жыл басында жұртшылық наразылық білдіріп, жедел шешімді талап еткен 20-дан астам объект болды. Қаланың егжей-тегжейлі жоспарына өзгерістер енгізу жұмыстары атқарылды. Барлық шешім қала белсенділерінің қатысуымен қабылданды. Шешімдердің 90 пайыздан астамы қала тұрғындарының пікірін ескере отырып қабылданды, - деді Жеңіс Қасымбек.

Тығыз құрылыс объектілерінің барлығына дерлік оң шешімдер қабылданды: мектеп, білім беру орталықтары мен денсаулық сақтау мекемелері сияқты 8 әлеуметтік объект және 9 қоғамдық кеңістік жоспарланды. Қалған объекттер бойынша сот шешімін күтіп отырғанын жеткізген.

Баспасөз мәслихаты барысында LRT құрылысы қашан аяқталатыны сұралған. Жеңіс Қасымбектің сөзінше, алып құрылысты аяқтауға екі немесе екі жарым жыл керек.

Серіктес жаңалықтары