×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Шымкентте әлеуметтік тұрғын үй заңсыз үлестірілген: полицей сотталды

05.01.2024, 09:09
Pixabay

Бұған кінәсі бар көші-қон полициясының қызметкері бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шымкент прокуратурасында әлеуметтік кредиттік тұрғын үй алудың қылмыстық схемасы туралы хабарланды.

"Көші-қон полициясы қызметкері әлеуметтік тұрғын үй алуға ниетті 16 адамның тіркелген күнін заңсыз өзгерткен", - делінген хабарламада.

Соттың шешімі

Тергеу құқық қорғау органының қызметкері жасаған “қызметтік жалғандығы үшін” бабы бойынша жүргізілді. Сот полицейді кінәлі деп тауып, 1,5 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады.

"Бұдан басқа, тағы 147 адамды жалған тіркеу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Қазіргі уақытта кезекте тұрғандарды тіркеудің жаңа автоматтандырылған сервисі енгізілді. Ол жалған есепке қою мүмкіндігін болдырмайды және негізсіз өтінімдерді реттеуге мүмкіндік берді", - деп хабарлады прокуратура.

Серіктес жаңалықтары