×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Түркістандықтың көлігінен екі қап есірткі тәркіленді

05.01.2024, 17:19
polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері екі қап есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, Батыс Қытай - Батыс Еуропа трассасының 601-шақырымында Honda Odyssey көлігі тоқтатылды. Көліктің жүксалғышынан екі қап есірткі табылды.

Алынған заттар сараптамаға жіберілді. Тәркіленген заттың 40 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды, - делінген мәліметте.

Есірткіні заңсыз тасымалдау дерегі ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді.

Ер адам қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар, сондай-ақ есірткі жеткізу арналары анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары