×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Атыраудағы өрт: күйік шалған 3 айлық сәби қайтыс болды

06.01.2024, 17:57
Атырау ТЖД

Атырауда тұрғын үйдегі газ-ауа қоспасының жарылысынан зардап шеккен отбасының тағы бір мүшесі қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан үш айлық сәбидің қайтыс болғанын хабарлады.

«Кеше, 5 қаңтарда кешкі мезгілде облыстық балалар ауруханасында 2023 жылғы сәби көз жұмды. Қазір аурухананың жансақтау бөлімінде күйік шалған тағы бір бала жатыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 2 қаңтар күні Атырау қаласы Көкарна ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, салдарынан бес адамды күйік шалып, ауруханаға жатқызылған еді. Кейін екі адамның қайтыс болғаны хабарланды. Енді, міне, отбасының кішкентай мүшесі көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары