×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Аузы күйген үрлеп ішер - "Екібастұзжылуэнерго" алдағы аязға дайындалуда

07.01.2024, 09:13
Коллаж Ulysmedia

Екібастұздағы жылу-энергия орталығы мамандары тұрғын үйлерге жылу жоғалмай жету үшін құбырларды оқшаулап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Екібастұзжылуэнерго" компаниясы қаңтар айының басынан бері жылу жүйесіндегі құбырларды жылу оқшаулау материалдарымен қаптау жұмыстарын жалғастыруда. Бір апта ішінде жалпы ұзындығы 413 метр құбыр қапталған. Кәсіпорыннан хабарланғандай, мекеме мамандары бұрын монтаждалған учаскелерді де тексеріп, ақау шыққан жерлердегі оқшаулағыш материалдарды қалпына келтіріп жатыр. Құбырлардағы жылу тасымалдағыштардың ішкі қызуын қалыпты ұстап тұру үшін жылу оқшаулағыштарды қолдану өте тиімді. Бұл жылудың жоғалуын төмендетіп, қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді", - делінген мәлімдемеде.

2023 жылы қала бойынша жалпы ұзындығы 50 271 метр жылу құбырының оқшаулағыштары қалпына келтірілген.

Естеріңізге салсақ, былтыр желтоқсан айындағы аяздарда Екібастұз жылу электр станциясында кезекті апат орын алған болатын.

Серіктес жаңалықтары