×
447.89
476.78
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.89
476.78
4.79

Таразда көше тазалаушылар әкімдікті басына көтерді

07.01.2024, 12:14
бейнежазбадағы кадр

Таразда көше тазалаушылар мардымсыз жалақыны көтеруді талап етіп, әкімдіктің алдына жиналды, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жалақы еке есеге қысқарған

КТК арнасының жазуынша, бұған дейін 160 мың теңге алып жүрген «Жасыл ел Тараз» мекемесінің қызметкерлері биыл айлық 80 мың теңгеге қысқартылғанын алға тартқан.

Ал әкімдік мамандары бұл мәселе мемлекеттік сатып алу конкурсының өтпеуіне қатысты дейді. Өйткені қоғамдық жұмысшылар жалақының жартысын мекеме ұсынған қосымша жұмыс арқылы тауып келген.

Қаладағы тазалыққа жауапты мекемеде 500-ге жуық адам қызмет етеді. Бұған дейін 160 мың теңге жалақы алып келген жұмысшылар жаңа жылдан бері айлығымыз 50 пайызға қысқарды дейді. Көше тазалап, шаһардың шырайын келтіруге атсалысып жүргендер 80 мың теңгемен қалай күн көреміз деп қапалы.

"80 мың теңге қай жерімізге жетеді? Жылда әкімдікке келіп шешуіміз шарт емес шығар. Басшылар жоғарыда не істеп отыр?", – дейді жұмысшылар.

Жылдағы “дәстүр”

Көше тазалаушылардың еңбек дауы жыл сайынғы “дәстүрге айналды”. Бұған дейін тазалыққа жауапты мекеме бюджетке 1 млрд 300 млн теңге қарыз болып мемлекеттік конкурстан шеттетілген. Сондықтан жұмысшылар қосымша жұмыстан қағылып, жалақысы екі есе азайған. Алайда әкімдік мамандары былтыр тарап кетудің аз-ақ алдында тұрған мекемеге «бір көзден қаржы беруге мүжбүр болдық» дейді. Өйткені коммуналдық мекемеге мемлекеттік тапсырыс берілмегенде, жүздеген адам жұмыссыз қалатын еді.

"Былтыр біз жұмыс орнын сақтап қалу үшін бір көзден келісімшарт жасадық. Салыққа қарызы болуына байланысты конкурсқа қатыса алмады. Сондықтан бір көзден келісімшарт жасады. Бірақ бұл шешімімізді бақылаушы органдар заңсыз деп тауып, соттың шешімімен келісімшартты бұзуға мәжбүрлеп отыр", – дейді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков.

Қала әкімі биыл мұндай тәуекелге бара алмағанын айтады. Алайда былтырғы қарызынан бір жыл ішінде құтылған мекеме мемлекеттік конкурсқа қайта жіберілген. Осылайша, әкімдік өкілдері қоғамдық жұмысшылар мемлекеттік сатып алу науқаны аяқталғанша, 80 мың теңге айлықты місе тұта тұруына тура келеді деп отыр.

Серіктес жаңалықтары