×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жоғалған қызды анасы өлтіріп, көміп тастаған

08.01.2024, 16:37
polisia.kz

Талдықорғанда 14 жастағы Карина Дорохина былтыр қарашадан бері із-түссіз жоғалып кеткен болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайына тоқталсақ, Каринаның ұзақ уақыт бойы мектепке бармай, хабар-ошарсыз кеткенін туған әкесінің туыстары байқап, анасына сұрау салады. Полицияға арыз жазуға келген анасы оның қарашадан бері жоқ екенін айтқан. Тергеу барысында әйелдің өтірік ақпарат бергені анықталды.

Әйел Талдықорғандағы екінші күйеуі жұмыс істейтін көлік жөндеу орталығында қызымен келіспей, ұрысып қалып, ашумен жіппен қылғындырып өлтіргенін мәлімдеген. Алайда, екінші нұсқасында қызды өгей әкесінің ұрып өлтіргенін айтқан.

Оқушы қыз қайтыс болған сәтте  ерлі-зайыпты Айсабакиевтер оны жол талғамайтын көлікке салып, Текелі жақтағы тау бөктеріне апарып, көміп тастапты. Олар құқық қорғаушыларды тау бөктеріне апарып, мәйітті көмген жерін көрсеткенмен, қыздың денесі табылмай отыр. Оған себеп – қарашадан бері қар көшкінінің орын алуы.

Оқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары