×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Анасы күдікті. Талдықорғанда жоғалған қыздың денесі таудан табылды

09.01.2024, 08:01
polisia.kz

Талдықорғада жоғалып кеткен 14 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Жетісу облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қыздың денесі Текелі тауынан табылды. Оны сол жерге көміп тастаған. Мәйітті полицейлер, әскери қызметшілер мен еріктілерден тұратын іздеу топтары тапқан. Қазір жасөспірім көмілген жерде тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 14 жастағы Карина Дорохинаның жоғалып кеткені туралы ақпарат полицейлерге 28 желтоқсанда түскен.

"Жасөспірім қараша айының басынан бастап сабаққа қатыспайтыны белгілі болды. Жедел-іздестіруді бастағаннан кейін полиция "қыз қылмыстың құрбаны болуы мүмкін" деген болжам жасады. ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша тергеу жүрді. Қылмысқа күдікті ретінде жасөспірімнің анасы мен өгей әкесі ұсталды", - дейді ведомство.

Қылмыстық оқиға полиция департаменті басшысының тікелей бақылауында.

Оқиғаның мән-жайына тоқталсақ, Каринаның ұзақ уақыт бойы мектепке бармай, хабар-ошарсыз кеткенін туған әкесінің туыстары байқап, анасына сұрау салады. Полицияға арыз жазуға келген анасы оның қарашадан бері жоқ екенін айтқан. Тергеу барысында әйелдің өтірік ақпарат бергені анықталды.

Әйел Талдықорғандағы екінші күйеуі жұмыс істейтін көлік жөндеу орталығында қызымен келіспей, ұрысып қалып, ашумен жіппен қылғындырып өлтіргенін мәлімдеген. Алайда, екінші нұсқасында қызды өгей әкесінің ұрып өлтіргенін айтқан.

Оқушы қыз қайтыс болған сәтте  ерлі-зайыпты Айсабакиевтер оны жол талғамайтын көлікке салып, Текелі жақтағы тау бөктеріне апарып, көміп тастапты. Олар құқық қорғаушыларды тау бөктеріне апарып, мәйітті көмген жерін көрсеткенмен, қыздың денесі табылмай отыр. Оған себеп – қарашадан бері қар көшкінінің орын алуы.

Серіктес жаңалықтары