×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Орал тұрғындары ауыз сусыз қалды

10.01.2024, 15:04
Pixabay

Орал қаласында бірнеше шағын аудан мен әлеуметтік нысан сумен жабдықтаудан уақытша ажыратылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не мәселе

Оралдағы "Батыс су арнасы" компаниясында ысырмаларды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілгені туралы хабарланды.

"Көппәтерлі тұрғын үйлерге апаратын су құбырындағы бекіту арматурасының ақаулығына байланысты диаметрі 200 мм ысырманы ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі”, – деді компания басшылығы.

Қай жерде су жоқ

Көктем, Арман, Жақсы ауылы, Қазақ ауылы, Сары тау, құс фабрикасы шағын аудандары сусыз қалды.

Төрт мектеп және сегіз тұрғын үй ауыз судан ажыратылды. су да сөндірілді.

Қашан реттеледі

Жөндеу жұмыстары сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін жүргізілмек.

Тұрғындар не дейді

Жергілікті тұрғындар судан ажыратылғандарына наразы. Олар барлық жөндеу жұмыстары жазда алдын-ала жүргізілуі керек екенін алға тартып отыр.

"Екі күнге дейін судың қысымы әлсіз болды", - деп шағымданады тұрғындар.

Мұрағат

Бұған дейін Теміртаудағы су құбырының қатып қалуына байланысты қаланың шығыс бөлігі ауыз сусыз қалғанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары