×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ақмола облысында 15 автокөлік соқтығысып қалды

14.01.2024, 15:57
Ашық дереккөзден

Ақмола облысында түк көрінбейтін ақтүтек боранның салдарынан тағы да ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Суыт оқиға бүгін сағат 11:57-де Астана-Петропавл тасжолының 150 шақырымында, яғни Жаңаталап ауылының жанында болған.

– Тәртіп сақшылары жүргізушілердің арақашықтықты сақтамауын салдарынан 15 автокөліктің соғылғанын анықтады.  Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, – деді Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ведомствоның хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты полиция экипаждары 600-ден астам автокөлікке жол көрсетіп, бағыт беруге кіріскен.

Дәл осы автожолда биыл 2 қаңтарда қатты боран мен көктайғақтың салдарынан бір мезетте 15 көлік соқтығысқан болатын. Көлік апатынан бір адам зардап шекті. Ол бас-ми жарақатымен Макинск қаласындағы ауруханаға жатқызылған.

Полицейлердің хабарлауынша, көктайғақ пен қатты боранның кесірінен жүргізушілер дер кезінде тоқтай алмай қалған. Оған қоса, жол нашар көрініп, қар да жауған.

Естеріңізге салсақ, кеше Абай облысында 17 жолаушы мінген автобус аударылып қалды.

Серіктес жаңалықтары