×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қордайда Назарбаевқа өтіп кеткен базар жері мемлекетке қайтарылды

17.01.2024, 16:27
Коллаж: ulysmedia.kz.

Экс-президенттің інісіне осыдан 20 жыл бұрын беріліп кеткен жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура не дейді?

Бас прокуратура 2004 жылы Қордай ауданы әкімдігінің және Қордай ауылдық округі әкімінің актілерімен Болат Назарбаевқа тиесілі «Қарасай БН-Тараз» ЖШС-ға «Барыс-2» сауда кешеніне қызмет көрсету үшін ауданы 34,3017 га учаске берілгенін хабарлайды. Учаскені беру кезінде оның тәртібі бұзылған, атап айтқанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы ерекше қорғалуға жататын ауданы 22,25 га суармалы егістік жерлердің бір бөлігі базарға қызмет көрсету үшін берілген.

– Осыған байланысты аудан прокуратурасы аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің актілерін, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және күшін жою туралы сотқа талап қою берді. Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен «Қарасай БН-Тараз» ЖШС-мен Қордай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі арасындағы 24.07.2007 жылғы №81 және №82 жер учаскелерін сатып алу-сату, жер учаскелерін өтеусіз беру туралы «Қордай Инвест» ЖШС-ның барлық шарттары жарамсыз деп танылып, күштері жойылды, – делінген хабарламада.

Сот қаулысы былтыр желтоқсанда заңды күшіне еніп, жер учаскелеріне мемлекеттік актілердің күші жойылған.

Болат Назарбаевтың қазасы

Болат Назарбаев 4 қарашада қайталанған инфарктпен Алматының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызылғаны хабарланған.

Соңғы бірнеше жылда Болат Назарбаев төсек тартып жатты. Бұған дейін дәрігерлер оған көмей ісігі деген диагноз қойған. Сондай-ақ, экс-президенттің інісі қант диабеті мен бүйрек жеткіліксіздігімен ауырған.

Көп өтпей Алматы Орталық клиникалық ауруханасы да, бірінші президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай да Болат Назарбаевтың қайтыс болғанын растады.

Айта кетейік, Болат Назарбаев 1990 жылдардан бастап бизнеспен айналысқан. Кәсіпкерлер оны бірнеше рет кәсіптерін рейдерлік жолмен тартып алды деп айыптады.

Болат Назарбаевтың ұлы

Нұрбол Назарбаев – Prime Capital Invest ЖШС құрылтайшысы. "PLS инвестициялық-құрылыс компаниясы" ЖШС, PLS-TM ЖШС ("Алматы ауыр машина жасау зауыты"АҚ мажоритарлық акционері) тең иесі. Нұрбол Назарбаевтың жағдайы 155 млн долларға бағаланады, ол Forbes журналының нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің рейтингінде 45-ші орында.

Серіктес жаңалықтары