×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Маңғыстауда қырылған аққулардың саны артты

23.01.2024, 11:38
Коллаж: ulysmedia.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, құс тұмауының адамға жұғу ықтималдығы өте төмен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр не дейді?

Министр алғаш өлген аққулар 2023 жылдың желтоқсанында табылғанын еске алады. Құс тұмауы штамының болуын көрсететін сынақтар жүргізілгенін айтады.

– Тұмаудың бұл штаммы адамға жұғу ықтималдығы өте төмен. Бір қызығы, ол тіпті басқа құстарға берілмейді. Тек аққуларға жұғады. Бүгінгі таңда 1040 аққу өлекселері табылды. Күн сайын облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері кезекшілік етеді. Сонымен қатар, 16 қаңтардан бастап Rixos қонақ үйінде жоспардан тыс тексеру басталды. Нәтижесін күтеміз. Әзірге олардың қашан болатынын айта алмаймын, – дейді министр.

Қонақ үй басшылығының айтары бар

Экология департаменті Rixos Water World Aktau қонақ үйін тексеру нәтижесінде Қаракөлге төгілген сулар арқылы ластаушы заттардың асып кетуі анықталғанын еске салды.

Бұған дейін Rixos Water World Aktau қонақ үйінен Қаракөл көліне ағынды сулар ағызылатыны расталған болатын. Қонақ үйдің бас менеджері олардың жеке кәріз жүйесі және қоршаған ортаға шығаруға рұқсаты бар екеніне сендірді.

Сәл шегініс...

Бұған дейін өлген аққулардың саны туралы ақпарат күн сайын жаңарып жатқанын жазған едік. 5 қаңтарда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері 506 аққудың өлексесін тапқан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қаракөл көлінің жағасында 30 аққудың өлексесі табылғаны хабарланған болатын. Бұл факті бойынша сараптама нәтижелері жарияланды.

Қаракөл көліндегі жағдайды видеоға түсірген Ақтау тұрғыны Азамат Сәрсенбаев өлген құстардың саны ресми мәліметке қарағанда едәуір көп екенін айтты.

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қаракөл көліндегі аққулар қоректің тапшылығынан өліп жатқанын мәлімдеді. Мамандардың пікірінше, аққуларды құтқару үшін құстарды тамақтандыруды шұғыл түрде ұйымдастыру қажет. Алайда бюджетте бұған қаражат көзделмеген, сондықтан басқарма демеушілер мен еріктілерді құстарды құтқаруға шақырады.

Серіктес жаңалықтары