×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Маңғыстау облысында 30 аққудың өлексесі табылды

27.12.2023, 12:36
ustirt_kz/Instagram

Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінің жағасынан 30 өлі аққу табылды. Қазір құстардың өліміне не себеп болғанын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Үстірт мемлекеттік табиғи резерватындағылар хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

"Қарақия-Қарақөл" мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары күзет жұмыстарын жүргізу барысында Қаракөл көлінің аумағынан 30 аққудың өлексесін тапты", - деп жазылған хабарламада.

"Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС вирус экологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері аққу өлекселерінен алынған сынамаларды зерттеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Қаракөл – Қазақстанның оңтүстік-батысындағы жасанды көл (су қоймасы). Ол Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 километр қашықтықта орналасқан.

Серіктес жаңалықтары