×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтауда медициналық орталық 33 қызметкерінің жалақысын бермей келген

24.01.2024, 11:45
Ақтауда медициналық орталық 33 қызметкерінің жалақысын бермей келген
Фото: ашық дереккөз

Ақтаудағы медициналық орталық ұзақ уақыт бойы еңбек инспекциясының жалақы бойынша берешекті төлеу туралы нұсқамасын орындамаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осы негізде, Маңғыстау облысының прокуратурасы 2023 жылдың 8 айында жиналған 7 млн теңгені 33 жұмысшының жалақысына берешекті төлетуге мәжбүрлеу шараларын қабылдады.

Атқарушылық құжатты уақтылы орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігі бойынша медициналық орталық директорына 103 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, — деп жазды Бас прокуратурадан.