×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қарағандыда пәтер жарылып, тұрғындар үйінді астында қалды: құрбандар бар

30.01.2024, 06:57
Скриншот

Оқыс оқиға Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды?

30 қаңтарда сағат 00:07-де Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылы Әуезов көшесі 8а мекенжайы бойынша екі қабатты, екі кіреберісті, 12 пәтерлі тұрғын үйде (2014 ж., жалпы алаңы 510 ш.м. .) 2-ші қабатта орналасқан №10 пәтерде жарылыс болған. Пәтердің үстіндегі шатырдың, қабырғалары мен төбелерінің, соның ішінде бірінші қабатта орналасқан №7 пәтердің жалпы ауданы 300 шаршы метр толық құлаған. Бірінші қабаттағы № 5, 6, 8 және екінші қабаттағы 11, 12 пәтерлер де жартылай зақымданған.

Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған.

Құрбандар бар

Сағат 00:11-ден бастап 03-37-ден құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 өлі және 5 жаралы адам табылды. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілді.

Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 8-7212-517223 сенім телефоны ашылды. 25 азаматқа жедел психологиялық көмек көрсетілді. Оқиға орнына жедел штаб құрылды. Жұмысқа 139 адам мен 32 техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары