×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Алматы тұрғындары "Қазақстан" қонақ үйі алдындағы субұрқақты бүлдіруге қарсы

30.01.2024, 14:28
ulysmedia

Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйінің жанындағы субұрқақ жеке меншікке жатады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы тұрғындары "Қазақстан" қонақ үйінің жанындағы субұрқақ аумағында құрылыс жұмыстары басталғанына шағымданып, оны бүлдіріп тастауы мүмкін деп алаңдаушылық білдірді.

Ал Алматы әкімдігі бұл субұрқақтың жеке меншікте екенін атап өтті. Алайда әкімдікте құрылыс жұмыстарын жүргізуге ешқандай құжаттама берілген жоқ.

Осыған байланысты қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды.

"Меншік иесіне қатысты сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның сақталуына жоспардан тыс тексеру басталады", - делінген хабарламада.

"Қазақстан" Қонақ Үйі

Айта кетейік, қонақ үй ғимараты Алматының брендіне айналған. Ол 1977 жылы салынған, отыз жылдан кейін қонақ үй жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.

"Ғимарат монументалды, сапалы кеңестік сәулет үлгісі. Алматының сәулетшілері нысан құрылымын сөзсіз мойындайды: бүгінгі таңда қонақ үй оңтүстік астананың ең сейсмикалық және биік ғимараты болып қала береді", - делінген қонақ үйдің сипаттамасында.

Серіктес жаңалықтары