Алматы прокуратурасы университетті сату кезінде мемлекет мүддесіне нұқсан келгенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Прокуратура 2018 жылы "Қазмұнайгаз" және Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры арасында жасалған "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ-ны сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тануды сұрап, сотқа берді.
2000 жылы университет елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Ұлыбританиямен уағдаластық бойынша құрылған еді.
Бірінші құрылтайшысы ретінде үкімет атынан білім және ғылым министрлігі болды. Кейін 2003 жылдан бастап "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы иелік етті. Ал 2018 жылы "Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры" қоғамдық қоры жекешелендіру кезінде жоғары оқу орны акцияларының пакетін 11,3 миллиард теңгеге сатып алды.
Бағалау туралы есепті тікелей орындаған өкіл ретінде мен мемлекетке 11 миллиард теңге шығын келтіргені үшін айыптауды негізсіз деп санаймын, – деді Baker Tilly аудиторлық компаниясының өкілі.
Сот істі қарауды тоқтатқан. Себебі тараптардан медиативтік келісімнің шарттарын талқылауға уақыт беру туралы өтініш түсіпті.