×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қарағандыда терракт туралы хабар таратқан 13 жастағы бала ұсталды

13.02.2024, 12:42
Ашық дереккөзден

Қарағанды облысының полицейлері терроризм туралы хабарлама таратқан адамды ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс мектептерінде оқушыларды атамын деп хабарлама таратқан телеграмм-арнасының әкімшісі әрі авторын ұстады.

13 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы ақпаратты көріп, «Очищение Караганды» деген атаумен Telegram-арна құрған. Кейін облыс төңірегіндегі мектептерде терроризм актісі дайындалып жатқаны туралы ақпарат таратқан, - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Қазір арна өшірілді. Баланың ата-анасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады

Серіктес жаңалықтары