×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Оралда картоп пен сәбіз бағасы тағы да қымбаттап кетті

27.10.2021, 23:16
Фото: ашық дереккөз

Қазіргі уақытта картоп 230 теңгеге, сәбіз 250 теңгеден сатылуда, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

mgorod.kz-ның мәліметінше, Оралда көкөніс бағасы үш есе қымбаттап кетті. 2021 жылдың осы уақытында картоп бағасы бір келісі үшін 122 теңге болса, сәбіз бағасы 121 теңге болған. Биыл мамырда картопты 330-350 теңге аралығында, ал сәбізді 400-450 теңге аралығында сата бастады.  

Сол кезде Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік басқармасы жергілікті өнімді жинаған кезде картоп бағасы арзандайтынын айтқан. Расымен бағасы арзандады, дегенмен былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда әлдеқайда қымбат.

Биыл қыркүйекте сәбіздің келісі 160 теңгеден сатылса, қазір 230 теңгеден басталады.

БҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы биыл облыс жергілікті картоппен 100 пайыз қамтамасыз етілгенін мәлімдеді. Ал ол картоптың қайда кеткені белгісіз, өйткені БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті көкөністер облысқа Иран, Тәжікстан, Украина, Грузиядан әкелінетінін айтты.

Ал Батыс Қазақстанның жеміс-жидек өсіретін кәсіпкерлері биыл ауа райы өте ыстық болғанын, сол себепті жеміс-жидек, көкөніс айтарлықтай өнім бермегенін айтуда.

«Картоп 28 градус ыстықта өспейді. Биыл былтырмен салыстырғанда өнім 20-30% аз. Былтыр біз алқаптан картопты әр келісін 75-80 теңгеге алатынбыз, биыл 120-15 теңгеден алып отырмыз. Облысты түгел өз өнімдерімізбен қамтамасыз етуге болады, бірақ біздің өнімді көрші облыстар да сатып алады. Ал қыс пен көктемде оңтүстіктен алып келеміз», - дейді «Жайна» ЖШС басшысы Уәлихан Оразов.

Серіктес жаңалықтары