×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алматы облысында мектеп мұғалімдері мен оқушылар дүрлікті (ВИДЕО)

19.02.2024, 11:08
Фото: видеодан скрин

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Мыңбаев орта мектебінде жергілікті тұрғындарды дүрліктірген оқиға болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан білім ордасының шатырындағы электр сымдары жарқылдап, мұғалімдер мен оқушылардың үреймен сыртқа қашқандарын көруге болады.

Instagram пабликтерінің біріне жергілікті тұрғындардың бірі мектепте ешқандай қауіпсіздік шаралары сақталмайтынын, заң бұзушылық көп болатынын айтып, шағымданған. Бұл жағдай шамамен бір ай бұрын болған екен. Тұрғындар білім ордасында электр тоқтары әлі де талапқа сай емес деп отыр.

Мектеп директоры Айнұр Есбаева оқиғаға қатысты пікір білдіріп, бұл жағдай қаңтар айынын басында болғанын, өртен адам өміріне ешқандай да қауіп төнбегенін айтты.

Бұл оқиға қаңтар айының басында болған. Электрощить жануынан басатылып, огнетушительмен мектеп қызметкерлері өздері өшірген. Өрт сөндіру қызметі келгенде толық өшірілген болатын. Балалар мен қызметкерлер қауіпсіз орынға шағарылды. Адам өміріне ешқандай да қауіп төндірілген жоқ. Барлық қызметтер, ЧС, Электриктер, Газ қызметі, жедел жәрдем уақытында келіп, болған оқиға бойынша көмек көрсетілді. Ертесінде балалар мектепте қалыпты жағдайда сабақтарын жалғастырды, – деді мектеп басшысы.

Серіктес жаңалықтары