×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алқаш та, псих та емес – атыраулықтар Жусанбаевқа араша түсіп жатыр

21.02.2024, 18:26
Коллаж: ulysmedia.kz.

Атыраулықтар өңірдегі мұнай өңдеу зауыты басшылығынан кеткен Ғалымжан Жусанбаевқа араша түсіп жатыр. Әлеуметтік желіге Жусанбаевты қолдап жазып жатқандар да бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Атыраудың жігіттері”

Атыраудың Асоха Тамбиев атты тумасы бұған дейін Ғалымжан Жусанбаевты орнынан алып тастау туралы петицияға күмән барын жазады.

– Петицияға қол қойып қойғандарды алдап кеткен деген ақпарат келіп жатыр, қол жинау барысында оларға, сіздерден зияндылық үшін ақыны қысқартады деген мақсатпен қолдарын жинап қойдыртқан. Байқаған боларсыздар сол парақшада әр беттен, әр түрлі нөмірмен, жалғасы жоқ, жұмысшылардың тегі мен қолы қойылған және әр бетте неге қол қойылып жатырған туралы ақпарат ЖОҚ! Ген.Директорды босатайық деген петиция емес! Ол наркоман емес! Алқаш емес! Сіздер шағымданғандай. Ендеше, сол 436 жұмысшылар алданған болса, олар кейін қолдарын қойып шағымдарын алу керек. Прокуратура Жусанбаевтың арызымен іс қозап кеткен осы фактілер бойынша. Май шелпекті үзіп-жегендер, зауыттың тендрін талан-таражға салғандардың арасында, біздің жергілікті жігіттеріміз неге терлеп жүргендері белгісіз, – деп жазады ол.

Тамбиев “Атыраудың жігіттері” деп үндеу тастайды.

– Бір шешенге Грозныйда, басқа ұлтының азаматы, сен пи…р дей ала ма? ЖОҚ! дей алмайды. Қазақстанда қазаққа деп тұрғанда, сендер сол айтқанның туын көтеріп жүгіріп кеттіңдер? Намыс болу керек. Сіздер, АНПЗ-да жұмыс жасап отырсаңыздар, жалақыларыңызды алып отырсыздар, ал біздер, Атыраудың тұрғындары, сол зауыт бөліп отырған ауаны тегін жұтып отырмыз, өз ақшамызға емделіп, біздің қақымыз жоғары сіздерге қарағанда. Сондықтан, 25 жыл АНПЗны тонағандарға ермей, арыздарыңды қайтарыңдар, – дейді ол.

Әңгіме неден шықты?

Жусанбаев бір айдан астам уақыт бойы мұнай өңдеу зауытында басшы болған. Басшылыққа келгелі жұмысты аудиттен бастаған. Мысалы, ол 15 ақпанда циркуляциялық компрессордың тоқтағанын анықтаған, өйткені ол  жылдар бойы жоспарлы жөндеусіз жұмыс істеді. Бұл жөндеуге келісім-шарт аффилиирленген компаниялар тобының жеткізушісімен жасалған.

Ғалымжан Жусанбаев 18 ақпаннан бастап амбулаториялық ем қабылдағанын, ал жұмыстан босатылғаны туралы әлеуметтік желілерден білгенін айтады. Жусанбаев өзінің жұмыстан босатылуын заңсыз деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары