×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Теміртауда екі адам жедел жәрдем жүргізушісін сабап кетті

26.02.2024, 13:26
Фото: Ашық дереккөзден

Олар ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазнетте дәрігерлерді күткен жедел медициналық жәрдем жүргізушісіне екі ер адамның шабуыл жасағаны көрінген видео тарады.

Полиция бұл оқиға 26 ақпанға қараған түні болғанын хабарлайды.

– Көпқабатты үйдің ауласында белгісіз адамдар медициналық қызметкерлермен бірге шақыруға келген 45 жастағы жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақатын салды. Жәбірленуші ауруханаға жүгінді. Полиция 25 және 29 жастағы екі күдіктіні ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады өңірдің полиция департаменті.

Тергеу жүргізіліп жатыр

Бұған дейін 26 қаңтардан 27 қаңтарға қараған түні Қарағандыда осындай өрескел жағдай орын алған. Жедел медициналық жәрдем жүргізушісіне өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде белгісіз адам дене жарақатын салған.

Жүргізушінің айтуынша, ол басқаша тұрақ қоя алмайтынын түсіндіруге тырысқан, бірақ ер адам түсіндіруді елемей, тап берген.

Бұған дейін жедел жәрдем жүргізушісі атышулы оқиғаның қалай болғанын айтып берген болатын.

Ал ​депутаттар бұзақыны ашық сотта жазалауды талап етті.

Не деген сұмдық?

Құқықбұзушы Нұрболат Дәкебаевтың бұл әрекеті – жәй ғана қылмыс емес, бүкіл қоғамға, заң мен тәртіпке ашық қарсылық, не істей аласың деген дөңайбат.

Өзін бейнетаспаға түсіріп жатқанын біліп тұрса да, ешқандай айылын жимай жұдырық сілтеп, қызметтегі адамды қанға бөктіруі – әбден шектен шыққандық, нағыз қаныпезерлік. ​1 жасар сәбиге көмекке келген медицина қызметкерлерін, ашықтан-ашық, куәгерлердің көзінше ұрып-соғу не деген сұмдық? - дейді депутат Елнұр Бейсембаев.

Арада бірнеше күн өткенде күдікті Нұрболат Дәкебаев қолға түсіп, Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдардың бірінен 36 жастағы күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

«Қиянатым күн бермей жатыр...»

Бүгін Нұрболат Дәкебаев зардап шегушіден, күллі халықтан кешірім сұраған видеосын жариялады.

Ассалаумағалейкүм, барша қазақстандықтар, барша мұсылмандар, Қазақ елі! Мен 2024 жылы 1 ақпан күні өзім барып берілмекшімін. Себебі істеп қойған қиянатым күн бермей жатыр. Бәрінен, ақ халаттылардан кешірім сұраймын. Мен зиян тигізбек ойым болған жоқ. Ондай ойым болмаған, болмайды да. Жаңағы қол жұмсап, менен жәбір көрген бауырымнан мен кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін кешіріңіздер. Қазақстандағы мұсылман бауырлар, барлықтарыңыз мені кешіріп қойыңыздар. Өз қателігімді түсініп отырмын, – деді Дәкебаев.

Серіктес жаңалықтары