×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Жетісу облысының әкімдігі тендер жариялауда заңсыздық жасаған

27.02.2024, 09:43
Фото: canva.com

Жетісу облысында 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күші  жойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құзырлы орган қызметкерлері мемлекеттік сатып алу конкурстары кезінде заң бұзушылықтарды анықтаған.

Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп, қиындатқан. Тағы бір жағдайда, құны 500 миллион теңгеден асатын қала көшелерін ағымдағы жөндеуге конкурс жарияланған кезде тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған, әр көшедегі жұмыстың сметалық құнын анықтамай, ақаулы актілерді ұсынбаған, - деп хабарлады Жетісу облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокуратура заң бұзушылықтарды дер кезінде алдын алып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашық конкурсқа қатысуын қамтамасыз етті.

Серіктес жаңалықтары