×
$
448.72
€
493.86
₽
5.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
448.72
€
493.86
₽
5.49

Ақмола облысында шенеуніктер 1,6 млрд теңгеге жолды жобасыз жөндемек болған

Бүгін, 13:50
Ақмола облысында шенеуніктер 1,6 млрд теңгеге жолды жобасыз жөндемек болған
Ulysmedia коллажы

Ақмола облысы Астрахан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жобасы, сметасы мен баға есебі жоқ болса да, жол жөндеуге 1,6 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу өткізбек болған. Прокурорлардың араласуынан кейін сатып алу тоқтатылып, бөлім басшысына тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Аудан прокуратурасы заңбұзушылықтарды анықтаған. Ведомствоның мәліметінше, мемлекеттік сатып алу құжаттарында жобалық-сметалық құжаттама мен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы болмаған. Сондай-ақ шенеуніктер жөндеу жұмыстарының құны неліктен дәл осындай сомаға бағаланғанын түсіндіре алмаған.

Прокурорлар араласқаннан кейін мемлекеттік сатып алу рәсімі тоқтатылды. Бөлім басшысына қандай тәртіптік жаза қолданылғаны нақтыланбады.

Бұған дейін

Еске салайық, қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының прокурорлары құны 61,4 млн теңгеге жуық сегіз қызметтік көлік сатып алу жоспарына тосқауыл қойған еді.

Аудан әкімдігі Үкіметтің қызметтік көлік сатып алуға жариялаған мораторийіне қарамастан, автокөліктер алуды жоспарлаған. Прокурор наразылығынан кейін сатып алу туралы барлық хабарландырудың күші жойылды.

Сізге қызық болуы мүмкін