×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ахметжанов мас күйде ұсталған аудан әкімі орынбасарын жұмыстан шығармақ

27.02.2024, 15:35
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Үкіметтің баспасөз орталығында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Ол азамат қазір әкімшілік жазасын өтеп жатыр. Шыққаннан кейін комиссия оттырысы болады. Оның ары қарай мемлекеттік қызметте қалу-қалмау мәселесі шешіледі. Өз басым ішкі істер министрлігі енгізген үжйесін қолдаймн. ІІМ мас адам рөлде болса азаматтардң өміріне қауіп төндіреді деп шешкен, – деді Марат Ахметжанов үкіметтің баспасөз орталығында. 

«Оны жұмыстан шығару мәселесі қарала ма?» деген сұраққа Ахметжанов «иә» деп жауап берді.

Ақмола облысы Зеренді ауданында аудан әкімінің орынбасары Есімхан Байғабылов бұған дейін мас күйде рөлге отырғаны үшін әкімшілік қамауға алынған деі. Жас шенеунік жарты айдан бері айыппұл тұрағында тұрған қызметтік көлікті мас күйде жүргізіп ұсталған. Ұзақ уақыт бойы сараптама жүргізіліп, әкімнің орынбасары спиртті негізде дәрі қабылдағанын мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары