Жетісу облысында мал бордақылау алаңын салу үшін инвесторлар үш жылдан бері жер телімдерін ала алмай жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жетісу өңірінде екі шаруа қожалығы 3 жылдан астам уақыт бойы бордақылау алаңын салу және ауылшаруашылық малдарын өсіру үшін жер телімдерін ала алмай жүр, - делінген прокуратура хабарламадасында.
Жергілікті атқарушы орган инвесторларға жер телімдерін беруден негізсіз бас тартқан.
Қадағалау актісін ұсынғаннан кейін инвесторларға жалпы көлемі 39 гектар жер телімдері беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп толықтырды прокуратура.