×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Алматыдағы жер сілкінісі: халықты қабылдау пункттеріне мыңнан аса адам жүгінген

Коллаж Ulysmedia

Алматыда сағат 14:00-тегі жағдай бойынша халықты қабылдау пункттерінде 1132 адам жүгінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматыдағы аудан әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес, қалада 384 қабылдау пункті ашылды: 229 мектеп және 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион. Аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жиналу пункттерінде жүр.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар метро тоннельдерін тексеру жұмыстарын жүргізетін болады. Осы орайда Алматы метрополитені ТЖД жұмыс орындарына оралуға рұқсат еткеннен кейін шамамен үш сағат көлемінде қайта іске қосылады. Қазіргі кезде метро аумағында ешқандай бұзылыс байқалған жоқ, жолаушышар сыртқа шығарылды. Қосымша ақпарат ТЖД берген нұсқамаға сәйкес тағы да жарияланатын болады, – делінген хабарламада.

Зілзала қайталануы мүмкін

Бүгін сағат 11.22-де Алматыда бұрынғыдан да қатты жер сілкінісі болды.

Жер сілкінгенін сезіп, дабыл белгісін естіген алматылықтар көшеге шығып, қауіпсіз орын іздей бастаған. 

ТЖМ табиғи жайтқа “қатты жер сілкінісі” деп баға берді. 

Бұл жолғы жер дүмпуінің магнитудасы 5 балға жетті.

Еске салайық, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін айтты. 

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылды. Дәл қазіргі уақытта жер дүмпуінің қайталану қаупі әлі де сақталады. Афтершок. Бүкіл қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, жақын орналасқан халықты қабылдау пунктіне баруларыңызды сұраймыз, — деді ол.

Серіктес жаңалықтары