×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік мемлекеттік сатып алуды заңсыз жүзеге асырмақ болған

04.03.2024, 17:58
Фото: AP

Бюджет қаражатының жұмсалуына жүргізілген талдау нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік сатып алу заңнамасының өрескел бұзылуын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тимирязев ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғалары «Мемлекеттік сатып алу және сәулет, қала құрылысы қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын бұза отыра (бұдан әрі - Заңдар) объекті бойынша жұмыс жобасының қорытындысына сәйкес келмейтін конкурстық құжаттама бойынша сомасы 1,1 млрд теңге қазандық құрылысына мемлекеттік сатып алулар жүргізген.
Нәтижесінде бұл жағдайлар басқа әлеуетті жеткізушілердің құқықтарын шектеуге әкелді, – делінген хабарламада.

Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады.

Басқа жағдайда Қызылжар аудандық білім бөлімінің қызметкерлері заң талаптарына қайшы, мүгедектердің және жүріп-тұруы шектеулі адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларынсыз, 319,3 млн теңге сомасына Якорь ауылындағы балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алулар жүргізген. Қадағалау органының актілері бойынша жоғарыда аталған сатып алулар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады Бас прокуратурадан.

Жалпы, жыл басынан бері прокурорлар бұл салада 11 мемлекеттік сатып алуды тоқтатып, нәтижесінде 3,3 миллиард теңге бюджет қаражатының жұмсалуына жол бермеді.

Серіктес жаңалықтары