4 наурызда болған жер сілкінісінен кейін оңтүстік астанад жер үйлерді тәулікпен жалға алу бағасының күрт өскені байқалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сарапшылар наурыз айындағы жер сілкінісі Алматыдағы жылжымайтын мүлік нарығына әсер еткенін анықтады, деп жазады Krisha.kz.
Жер сілкінісінен кейін бір тәулік өткен соң Алматыда пәтердің сатылатыны жөнінде жаңа хабарландыру саны өспеген. Сондай-ақ, Астанада жылжымайтын мүлік сатып алғысы келетіндер саны да өскен жоқ.
Не өзгерді
– Бірден-бір маңызды өзгеріс – күнделікті жалға алу жағынан сұранысының артуы. Осы санаттағы хабарландырулар мен қоңырауларды қарау саны тәулігіне 3 есе өсті. Соңғы жер сілкінісінен кейін адамдар жер сілкінісінен қауіпсіз жер үйлерді іздей түсті. Жер үйлерді жалға алу бағасының өзгергені жөнінде деректер жоқ, - делінген басылымда.
Сонымен қатар, авторлар сұраныстың өсуі Наурыз мерекелерімен де байланысты екенін айтады.
– Үйлерді ұзақ мерзімге жалға беру туралы хабарландырулар да бірден 2 есе өсті. Бұл тенденциялар қысқа мерзімді болуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, Қаңтарда осындай жағдай болған ед. Жер сілкінісінен кейінгі күні Алматыда үйлерді жалға алуға сұраныс 4 есе өсті. Бірақ бірнеше күннен кейін ол әдеттегі көрсеткіштерге қайтып оралды, яғни тұрақталды, - делінген басылымда.
Қаңтар айындағы жер сілкінісінен кейін Алматыда үй сатып алуға қызығушылық артты. Алайда ақпан айының соңына қарай ол құлдырады. 4 наурыздан кейін өсім қайта басталды, деп жазады сарапшылар.
– Жер сілкінісі келісімшарттарда көрініс тапты ма, жоқ па – оны біз ақпан айындағы Ұлттық статистика бюросының мәліметтері түскен күні білеміз. Қаңтарда Алматыдағы үйлер бойынша келісімшарттар 36%-ға төмендеді, бірақ бұл көрсеткіш емес: біріншіден, қаңтар айында дәстүрлі түрде операциялар аз болады, екіншіден, жер сілкінісі айдың соңында болды және сатып алуға уақыт болмады, – деп жазады авторлар.
Ал сатушылар не дейді
Алматыдағы пәтер сатушылар хабарландыруларда жер сілкінісінен кейінгі үйдің жай-күйі туралы ақпаратты көрсете бастады: "жер сілкінісі кезінде үй іс жүзінде тербелмеді, берік тұр", "жер сілкінісінен кейін үйге ешқандай зақым мен жарық жоқ", "үй қауіпсіз аймақта, жарылыстардан алыс" деген хабарландырулар көбейген.
Зілзала
2024 жылдың 4 наурызы сағат 11.22-де Алматыда бұрынғыдан да қатты жер сілкінісі болды. Жер сілкінгенін сезіп, дабыл белгісін естіген алматылықтар көшеге шығып, қауіпсіз орын іздей бастаған. ТЖМ табиғи жайтқа “қатты жер сілкінісі” деп баға берді. Жер дүмпуінің магнитудасы 5 балға жетті.
Ал Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін айтты.