×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Өскеменде белгілі әртіс жазушы Айтмұхамбет Қасымовты Амал мерекесімен құттықтады

14.03.2024, 18:39
Фото: видеодан скрин

Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген аға буын өкілдері де Көрісу күнінде бірін-бірі ықыласпен құттықтап жатыр.

Олардың қатарында жазушы, аудармашы, ғалым, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі Айтмұхамбет Қасымовты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткач құттықтады.

Айтмұхамбет Қасымов – әсіресе, студент журналистер үшін құнды білім қоймасына айналған оннан астам кітаптың авторы.

Серіктес жаңалықтары