×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Маңғыстау облысындағы газ құбырының жарылу жайы белгілі болды

19.03.2024, 17:21
Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы магистралды газ құбырында болған өрттің шығу себебіне қатысты «Қазақгаз» АҚ пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

18 наурызда шамамен кешкі сағат 23.00-де «Орталық Азия – Орта магистралды газ құбыры» лупингінің күзетілетін аймағының конденсат жинағышы желісінде газ ауа қоспасы жарылып, арты өртке ұласты. Сағат 23:13-де келісім бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі тілсіз жауды толық сөндірді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Газ тасымалдау нысандарына залал келмеген. Сонымен қатар мұнда жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр, - делінген компания таратқан ақпаратта.

Белгілі болған дерек бойынша, өрт халықты газбен қамтамасыз ету және газды тасымалдау жұмыстарына еш кедергі келтірмеген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Еске салсақ, Маңғыстау облысындағы Бейнеу кентінде магистральды газ құбырында жарылыс болғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары