Бұл туралы үкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов айтты. Оның сөзінше, министрлік су тасқыны салдарын жою бойынша іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Су тасқының жағдайы тұрақты-күрделі, батыс аймақтарда су аздап төмендеді, орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды жоғарлауы байқалады. Су басу аймағында 5 облыстар қалуда, әкімдіктермен жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталуда. Бұл жерлерге дереу күштер мен құралдар жұмылдырылып жіберілді», - дейді ол.
Сыздықовтың сөзінше, өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасқан. Су тасқыны кезінен бастап 15 мың 786 адам құтқарылып, эвакуацияланған. Оның ішінде 6 мың 187 бала (Ақтөбе, Қостанай, БҚО, Ұлытау, Абай, Ақмола, Атырау, Қарағанды, СҚО, Түркістан, Алматы, Павлодар) бар.
«Қазіргі таңда уақытша орналастыру пункттерінде 4 113 адам, оның ішінде 1 911 бала (Ақтөбе, БҚО, Ақмола, Атырау, Қостанай) бар. Олар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Су тасқыны белсенді кезеңге өтпеген елді мекендерде
су басуға жол бермеу бойынша алдын алу шаралары күшейтілді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында су өткізу жүйелерін тазарту және канал бойында қап төсеу бойынша іс-шаралар жедел жүргізілді, бұл судың тасуына жол бермеді Шағалалы су қоймасынан судың көп мөлшерде жіберуіне байланысты жер білігін қосымша нығайту және ұзарту, сондай-ақ өзен бойындағы мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша каласының 60 тұрғын үйін су басу қауіпі жойылды», - дейді Сыздықов.
Ресми мәліметке сүйенсек, алдын алу шаралары еліміздің 11 өңірінде 45 мыңнан астам адам тұратын 46 елді мекенді су тасқынынан қорғауға мүмкіндік берген. Осының нәтижесінде, өткен тәулікте таңғы сағат 6-дағы жағдай бойынша тұрғын үйлерді айтарлықтай су басуға жол берілмеген. Сонымен қатар, 5 өңірде 1 405 жеке үй, 372 аула аумағы, 99 саяжай және 10 ғимарат су астында қалдған.
«55 шайылған автожол учаскелері мен төрт көпірдің (Абай, Қостанай, Атырау) қалпына келтіру жұмыстары бақылауда. Көлік қатынасынсыз 50 елді мекен қалып отыр. Олармен үнемі байланыстамыз, әкімдіктер азық-түлік және дәрі-дәрмек резервтерін дайындады, оларды уақытымен жеткіздік. Бұл жерде төтенше жағдайлар аймақтарында қажетті көмек көрсететін еріктілердің жұмысын атап өткім келді, », - дейді ол.
Су қоймалары мен өзендердің толымдылығына мониторинг жалғасқан.. Қазіргі уақытта Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендерде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, Шығыс Қазақстан облысының таулы жерлерінде де үлкен қар көлемі жатыр