×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Қар аралас жаңбыр, көктайғақ: Алдағы үш күнге арналған болжам

01.11.2021, 15:38
фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылғы 2-4 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«2-3 қарашада атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Яғни, жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр), екпінді жел, тұман, көктайғақ, төмен бұрқасын болады. 3-4 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады. Кезең соңында, суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және ауа температурасының едәуір төмендеуі күтіледі. Яғни, солтүстік-батыста түнгі температура 5...15 аязға дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста 10...20 аязға дейін, оңтүстікте 3...13 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 7-16 аязға дейін төмендейді. Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», - дейді синоптиктер.

Серіктес жаңалықтары