×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

«Суды бұйырса қаладан шығарып жатырмыз»: Құлсары тұрғыны жақсы жаңалығын бөлісті

10.04.2024, 15:22
Коллаж Ulysmedia

Құлсары тұрғыны Ulysmedia.kz редакциясына жолдаған видеосында қала шетін көрсетіп, су тасқынына байланысты жағдайды қысқаша баян етті.

«Мынау қаладан – Құлсарыдан шығып алып бара жатқан суымыз. Құлсарыдан Ақтауға шығып бара жатқан кезде жолдың оң жақ бетке құйылып жатқан су. Ал бұл Оңтүстік әуежайдан келіп жатқан су. Қаланың сыртына шығарып тастап жатырмыз, бұйырса», – дейді Құлсары тұрғыны видеосында.

Кеше төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар үздіксіз жүргізіліп жатқанын Құлсары қаласында 34998 тұрғын, оның ішінде 7239 бала эвакуацияланғанын хабарлаған. Қауіпсіз жерге 19 939 бас мал айдалған. Жылыой ауданына гуманитарлық көмек 600 тоннадан асады.

Құлсарыдағы су тасқыны

Биыл көктемде су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірдің бірі – осы Жылыой ауданы. Мыңдаған отбасы су тасқынынан кейін үй-күйсіз қалып, эвакуациялануға мәжбүр болды. Өкінішке қарай, тасқын салдарынан көз жұмғандар да бар. 7 сәуірде Құлсарыда екі адамның денесі табылған еді. 6 сәуірде 1974 жылы туған ер адам досымен бірге тиісті рұқсатсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен кетіп, жолда, аударылған.

9 сәуірде сағат 12:27-де Құлсары қаласында "Рамазан" дүкенінің жанында Атырау облысы ТЖД құтқарушылары судан ер адамның мәйітін тауып алып шықты. 

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары