×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Сергеев су қоймасы 159 пайызға толды

14.04.2024, 12:01
qaz-media.kz

СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев Сергеев су қоймасы 159% толып, бөгет биіктігінен 3 метр 10 см асқанын айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.

Тәулік ішінде су деңгейі 40 см төмендеді. Әрине, бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштерден айтарлықтай төмен, ол кезде тіркелген рекордтық көрсеткіш 4 м астам болған, - деді ол.

Бірнеше күннің ішінде Петропавл қаласында да су азаяды деп күтілуде.

Петропавл қаласының Хромзавод және Ойқала шағын аудандарында тәулік ішінде 1010 үйді су басты. Олардан 4552 адам эвакуацияланды, олардың 957-сі бала. Көшірілген адамдар облыс орталығының 3 орта мектебі мен колледждердің жатақханаларында және де басым бөлігі туыстарында орналастырылды, - деді смикер.

Бұған дейін бірінші вице-министр Роман Скляр Петропавл қаласы маңындағы аймақтар тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялауды тапсырғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары