×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Орал қаласында Жайық өзенінің деңгейі қауіпті шекке дейін көтерілді

22.04.2024, 09:06
Фото: gov.kz

Орал қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейі 10 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, салдарынан өзен суының деңгейі 858 сантиметрге жетіп, қауіпті шектен асқан.

Жайық суы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында 7, Бәйтерек ауданы Январцев маңында 2 сантиметрге көтерілген. Ал Көшім каналы 1 сантиметрге, Чувашин ауылындағы Шаған өзенінің деңгейі 9 сантиметрге жоғарылаған.  

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері түні бойы жұмыс істеп, бөгеттер тұрғызған. Ал 21 сәуірде су астында қалған Орал маңындағы саяжай тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Батыс Қазақстан облысына келген болатын. Шыңғыс Әрінов жұмыс сапарымен Бөрлі ауданындағы елді мекендерде орнатылған қорғаныс бөгеттерін аралаған болатын.

Еске сала кетейік, елімізде бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары