×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Атқора: «Шығыс ақпараттың» журналистері ескі ғимаратқа көшіріледі

03.11.2021, 20:30
Фото: Фейсбук парақшасынан

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі құрамына бірнеше басылым мен екі сайт кіретін «Шығыс ақпарат» ЖШС қызметкерлерін Совет үкіметінен қалған, тозығы жеткен ғимаратқа көшірмек. Ішкі саясат басқармасы тез арада ғимаратты босатып, «жаңа» орынға жайғасуды талап етіп отыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы медиахолдинг қызметкерлері Қуаныш Рахметоллаұлы Фейсбук парақшасына жазды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстандағы басты ақпараттық холдингтегі журналистердің үш ай бойы айлық ала алмай жүргенін жазған болатынбыз. Арада тура бір ай өткенде оларды тағы бір «тосынсый» күтіп тұр екен.

«Алматы облысының әкімі Амандық Батталов Журналистерге ерекше көңіл бөлудің арқасында, Талдықорған қаласының қақ төрінен «Журналистер Үйі» бой көтерді. Облыстағы ақпарат құралдарының қара шаңырағы келбеті келіскен, заманға сай жабдықталып, шығармашылық жандардың кең көсілуіне, еш алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік жасалуда. Қалай қызықпайсың ә?

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлы да әріптестерімізге ерекше көңіл бөліп киелі Тараз жерінде "AULIEATA-MEDIA" холдингі құрылып, барынша жағдай жасауда», - деп жазды ол.

Оның айтуынша, Шығыста басы даудан арыла алмай, уақытында «Жальақы» ала алмай, «ШЫҒЫС АҚПАРАТ» жәутеңдеген жетімнің күйін кешуде.

«Жығылғанға жұдырық болған, соңғы жаңалық Гоголь көшесіндегі Совет үкіметінен қалған тозығы жеткен, іші көгерген ғимаратқа қақаған қыста көшу деген Пәрмен келді Әкімдіктен.

Республикада барлық жағынан новаторлық идеялардың көшбасында жүрген өңір журналистерге бір жақсы ғимарат тауып бере алмағаны қалай? Амандық пен Бердібек ағалардай Даниал Кенжетайұлыда игі істен қалмай, Өңірдегі Ақпарат саласы өкілдерін жетім бұрышқа паналатпайды деп сенеміз», - дейді ол.

Қуаныш Рахметоллаұлы аталған ғимараттың фотосуреттерімен бөлісті. Желі қолданушылары бұл мәселеге қатысты пікірлерін жазды.

«Журналистердің қазіргі отырған ғимараты бұрынғы балабақша болатын. «Соны облыс әкімі біреулерге сатып жіберген» дейді білетіндер. Енді «босатыңдардың» астынан алып жатыр», - деп жазды Облыстық Дидар газетінің тілшісі Серік Құсанбаев.

«Арабтың ат қоралары офис сияқты. Мына ғимараттың уақыты өткен екен», - дейді желі қолданушысы Ермек Мұрұмбаев.

Серіктес жаңалықтары