×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

АҚШ Маңғыстау тұрғындарына 33 миллион теңгеден астам ақша таратты

05.11.2021, 16:33
Фото: kz.usembassy.gov

Маңғыстау облысында құрғақшылықтан зардап шеккен 225 үй USAID-тың гуманитарлық көмегін алды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазақстан – АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) гранты арқылы Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы  Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен ең осал үй шаруашылықтарына қаржылай көмек көрсетуді бастады.

Тұрғындардың мұқтаждығын бағалау негізінде малынан ішінара немесе толықтай айырылған 225 үйге қаржылық көмек көрсетілетін болып шешілді. Банк карталары арқылы берілетін бұл көмек үй шаруашылықтарының шұғыл негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға және алдағы қыс маусымына мал азығын сатып алуға мүмкіндік береді.

«Бұл банк карталары арқылы жалпы 1254 адам 33 миллион теңгеден астам ақша алады. Облыста жалғасып жатқан құрғақшылықтан малдың қырылуы жергілікті халыққа үлкен шығын әкелді, өйткені мал шаруашылығы негізгі табыс көзі болып табылады. USAID климаттың өзгеруін жеңілдету және оның салдарын жою үшін Орталық Азия елдерімен серіктестік орнатуға мүдделі»,- делінген АҚШ елшілігі таратқан хаьарламада.

 

 

Серіктес жаңалықтары