×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ШҚО-да мектеп оқушылары сабақ кезінде порно көрген – прокуратура

15.05.2024, 17:27
ШҚО-да мектеп оқушылары сабақ кезінде порно көрген – прокуратура
Фото: Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстанның прокурорлары облыстағы 56 мектептің 15 мыңнан астам оқушысы тыйым салынған интернет-контентті көргенін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Анықталған заңсыздық

Шығыс Қазақстанның прокуратурасы Өскеменнің 7 мектебінде сабақ барысында  порнографиялық сипаттағы сюжеттер іздестіріліп, қаралғанын хабарлайды. Ал Шемонаиха ауданындағы 8 мектепте букмекерлік кеңселердің (1хбет, олимп) сайттары қаралған.

– Балалардың интернетке қолжетімділігін шектейтін бағдарламалық қамтамасыз етудің жоқтығы түріндегі осы тектес бұзушылықтар Риддер қаласында (15 мектеп), Алтай (6 мектеп) Самар (19 мектеп) және Ұлан аудандарында (1 мектеп) анықталды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша облыс прокуратурасы облыстың барлық мектептерінде тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау мәселесін көтеріп, облыстың білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментіне қадағалау актісін енгізді (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 7-2-бөлігі), – делінген хабарламада.

Ата-аналарға ескерту

– Көріп отырғанымыздай, бүгінде балалар әлеуметтік кеңістікті белсенді пайдаланушылары болып  табылады және мектептерде зиянды интернет сайттарға жиі кіреді, – делінген хабарламада.

Осыған байланысты прокурорлар ата-аналардың назарын балалар қарайтын интернет-контентті қадағалап, олармен қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне аударады.