×
$
440.86
€
500.77
₽
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
440.86
€
500.77
₽
5.27

Қарағандыда Зеленскийдің атымен аталған көше пайда болды

Бүгін, 11:10
Қарағандыда Зеленскийдің атымен аталған көше пайда болды
әкімдік

Қарағандыда мекенжай тақтайшаларында Зелинский көшесінің атауы күтпеген жерден «Зеленский көшесі» болып жазылып кеткен. Қала әкімдігі артық әріптің қайдан пайда болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қателікке мердігер кінәлі

«Зеленский көшесі» деген жазуы бар мекенжай тақтайшаларының суреттері әлеуметтік желілерде тараған. Бұған Әлихан Бөкейхан ауданының әкімдігі түсінік берді.

Әкімдік мәліметінше, қате жазылған тақтайшаларды орнатқан – мердігер ұйым.

– Мекенжайлық аншлагтарды орнату кезінде мердігер ұйым тарапынан қателік жіберілген. Қате анықталғаннан кейін дұрыс орнатылмаған тақтайшалар сол күні-ақ алынып тасталды. Оларды ауыстыру және қайта орнату жұмыстары мердігер ұйымның есебінен жүргізіледі, – деп хабарлады әкімдік.

Осылайша, мердігер кеткен қатені өз қаражаты есебінен түзетеді.